Павлодар трамвайлары былтыр 17 миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Қала тұрғындарына күн сайын 80-нен астам трамвай көлігі қызмет көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Трамвай басқармасы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл төлемақы құны бойынша өзгерістер енген. Желіде бақылау қызметі полициямен бірге жол жүру ақысын тексереді. Әкімдіктің қаулысына сәйкес жол жүру ақысы қолма-қол ақшамен 200 теңге болса, қолма-қол ақшасыз жол ақысы 100 теңге тұрады.
– Айлық есептік көрсеткеш саны өскеніне байланысты көліктегі ереже бұзушылыққа салынатын айыппұл да өсті. Жол ақысын төлеуден жалтару 2 АЕК - 7 384 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеледі, – дейді басқармада.
Еске сала кетейік, 1 АЕК мөлшері 1 қаңтардан бастап, 3 450 теңгеден 3 692 теңгеге дейін ұлғайтылды.