Павлодарда алғаш құрылған балалар клубына биыл 25 жыл
Бұл клуб өткен ғасырдан бері жымыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубына 25 жыл толды. Мерейтойлық дата ауқымды түрде аталып өтті. Мерекеге педагогикалық еңбек ардагерлері, қосымша білім беру ұйымының бастауында тұрған тұлғалар шақырылды.
1999 жылдан бастап балалар-жасөспірімдер клубы құрылған сәттен Гүлнар Үйсінбаева «Жігерде» жұмыс істеп келеді. Қызметін есепші болып бастаған ол - 18 жыл бойы бірнеше мәрте аймақта ең үздік деп танылған мектепке дейінгі ұйымды басқарып келеді.
– Ол кезде бізде бір ғана клуб болды. Ал бүгін түрлі шағын аудандарда қала бойынша 16 клуб бар. Қазір біз қосымша клубтың ашылуына дайындалып жатырмыз. Біздің тірегіміз - бізбен бір бағытта бірлесіп жұмыс істейтін дарынды оқытушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары, – дейді «Жігер» клубының басшысы Гүлнар Үйсінбаева.
«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы вокал, хореография, бейнелеу өнері сияқты түрлі бағыттар бойынша балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады. Мерейтой күні жас таланттар сахнаға шығып өнер көрсетті. «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға жүйелі түрде қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.