Павлодарда еріктілер мұқтаждарды тамақтандыру кезінде жоғалған адамды тапты

Ер адам біраз уақыттан бері көшеде тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Vita» еріктілері үйсіз жүрген адамның отбасына оралуына көмектесті. Олар «Мұқтаж адамды тамақтандырыңыз!» акциясы кезінде жоғалған адамды анықтаған.
– Көптеген адамдар бұл акцияға күмәнмен қарайды, енді бірі керісінше акцияны қолдайды. Әрине, біз сынды дұрыс қабылдаймыз және түрлі теріс көзқарастарға қарамастан, үйсіздерді тамақтандыруды жалғастырамыз, – дейді еріктілер.
«Vita» еріктілерінің мақсаты – үйсіз адамдарды тамақтандыру ғана емес, сонымен қатар, адамның мұндай жағдайға қалай тап болғанын анықтау. Өйткені кейде олардың арасында жоғалған немесе туыстарымен байланысын үзген адамдар болуы мүмкін. Мұндай бірнеше жағдай болған.
Бұл жолы да хабар-ошарсыз кеткен адамды туыстары суреттерден көріп қалып, байланысқа шыққан және оны үйіне алып кеткен. Бұрын оның өз отбасы, тұрақты жұмысы болған, алайда кейбір жағдайлар оның өміріне кері әсер еткен. Туыстары оны шамамен бір ай бойы өз күштерімен іздеген, бірақ нәтиже болмаған.