Ақтоғай ауданыңда темекі тұқылын жерге тастаған тұрғын жазаланды

Ақтоғай ауданыңда темекі тұқылын жерге тастаған тұрғын жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Жедел басқару орталығы» үлгісінде полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелерін жабдықтау және толықтыру жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жоба аясында аудандық және қалалық полиция бөлімшелеріне аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылуда. Бүгінгі күні мұндай орталықтар облыстың барлық аудандары мен қалаларында жұмыс істейді. Жоба – құқықтық тәртіпті сақтау мен қылмыспен күрес жолындағы маңызды қадам. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне деген халықтың сенімділігін арттыратын жаңа мүмкіндік. 

Ақтоғай ауданы полиция бөлімі бастығы Жандос Айтмұхамбетовтың сөзінше, бейнекамераларды орнату – бұл тек бақылау емес, сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жоба аясында Ақтоғай ауданыңда 115 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.  

Жедел басқару орталығының операторы Ақтоғай ауылының тұрғыны қоғамдық орында темекі шегіп, қалдықты жерге тастағаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Барлық құқық бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді полиция бөлімінің бастығы.

Осы орайда аудандық полиция қызметкерлері азаматтарды өз әрекеттеріне мұқият әрі жауапты болуға шақырды.