Павлодарда Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі оннан астам үйде су болмайды
Судан ажырату 23-24 сәуір аралығында болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің мәлімдеуінше, сумен қамтамасыз ету желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 23 сәуір күні сағат 9:00-ден 24 сәуір күні сағат 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру тоқтатылады:
Мәшһүр Жүсіп көшесі, 92/1, 90,84,82,80,76,74,86,92,119,121 үйлер.
Сонымен қатар, Желтоқсан көшесі бойымен Қайырбаев көшесінен Кривенко көшесіне дейінгі және Пионеров жолағындағы жеке тұрғын үйлер де судан ажыратылады.