Павлодарда облыстық жайдарман лигасының ширек финалы өтеді

Жүлде қоры – 400 мың теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар Жайдарман лигасының мәліметінше, Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетінде облыстық лига ойындары ұйымдастырылады.
Аталмыш ойынға облыстан жиналған сегіз команда өнер көрсетеді.
Олар – «Ұнамаса қарама», «Күнделік kz», «One house», «Амангелдиновна Ақбота», «TOU құрамасы», «Ұстаздар», «Қалың малым 5 миллион», «Низам», «Ислам Сапашев», «Ақтоғай құрамасы».
Айта кету керек, маусымдағы жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрайды. Ойын облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылуда.