Павлодарлық тоғыз жасар пианист үздік атанды
Звягина Амелия - музыка мектебінің оқушысы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептері ұжымдарының қалалық, аудандық іріктеу турларының қорытындысы бойынша өткен 56-шы облыстық фестиваль-конкурсына Павлодар, Екібастұз, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл, Баянауыл, Ақтоғай аудандарынан 196 бала қатысты. «Хор ұжымдары» номинациясында алты хор ұжымы құрамында 165 бала, «Жеке орындау» номинациясына үш топта 31 қатысушы бақ сынады. Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебі конкурсқа 73 қатысушы - екі хор ұжымы және 14 жеке орындаушы ұсынды.
Конкурстың шарты бойынша қазылар алқасы кәсіби орындаушылықты, көркемдік ендіру деңгейін, техникалық шеберлік пен сахна мәдениетін ескерді.
Тоғыз жасар пианист Амелия Звягина I орынға ие болып, үздік деп танылды. Ол фортепианода И. С. Бахтың, Й. Гайднның шығармаларын, ұлы Абайдың Т. Жангуттинаның өңдеуімен «Қараңғы түнде тау қалғып» шығармасын орындады.
– Амелия өте күрделі және қызықты бағдарлама дайындады, оны конкурс қазылар алқасы жоғары бағалады. Бұл нәтиже – оқушымның үлкен еңбегінің жемісі, күнделікті сабақтары және қызықты шығармалармен көрерменмен бөлісуге деген ұмтылысы, – дейді оның педагогі Елена Александровна Попова.
Конкурс қорытындысы бойынша павлодарлық жеке орындаушылар 9 жүлделі орынға ие болды: І орын - 1, ІІ орын - 6, ІІІ орын - 2.
«Хор ұжымдары» номинациясы бойынша 6 жүлделі орыннан екі екінші орынды Павлодар мектебінің ұжымдары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі дәрежелі дипломдармен, лауреаттарды дайындаған педагогтар облыстың білім беру басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Бас жүлде және I орын алған қатысушылар Павлодар облысының атынан қашықтық форматта өтетін 56-шы республикалық жас музыканттар конкурсына қатысады.