Павлодарлықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларын ұсына алады

Павлодарлықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларын ұсына алады
Фото: Константин Шелков

Байқаудың жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен «Жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық конкурсы іске қосылды.

– Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру. Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі: қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар, – деп жазылған хабарламада.

Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін. Финалдық кезең 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетіледі.

Байқаудың жүлде қоры бес миллион теңгені құрайды. Байқау жеңімпаздарына 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі және жобаны енгізуге 1 миллион теңге бөлінеді. 

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдеріңізді konkurs1424@mail.ru электрондық поштасына жолдай аласыз.  Өтініштер 10 қарашаға дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: 8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06.