Павлодар облысында апта бойы -30 градус аяз сақталады
Жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 19 ақпанда түнде -19...-34°С, ал күндіз -20...-25°С болады.
20 және 21 ақпанда жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -30...-35°С, күндіз -20...-25°С-ты көрсетеді.
22 ақпанда түнде -32...-37°С, күндіз -20...-25°С аяз болады. Желдің жылдамдығы солтүстік-шығыс бағытымен секундына 5-10 метрге дейін соғады.
23 ақпанда сынап бағанасы түнде -28...-33°С, ал күндіз -18...-23°С-ты көрсетеді.
Сенбіде түнде -27...-32°С, күндіз -17...-22°С болады. Желдің жылдамдығы солтүстік-шығыс бағытымен секундына 5-10 метрге дейін жетеді.
Жексенбіде түнде -25...-30°С, күндіз -16...-21°С болады.