Павлодарда отбасы жағдайында шу шығарған қыз жауапқа тартылды

Павлодарда отбасы жағдайында шу шығарған қыз жауапқа тартылды
Фото ашық дереккөзден

Белгілі болғандай ол мас күйде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 30 мамыр күні болған. Сол күні сағат 19.06-да қала тұрғыны қызының алкогольдік ішімдік ішіп, жанжал шығарып жатқандығы туралы хабарлаған.

Учаскелік полиция инспекторы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

Бұған дейін 23 мамырда қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК 73-бабының 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылған болатын.

- Сот қаулысымен құқық бұзушы 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, осы азаматқа қатысты учаскелік полиция қызметкерлері мәжбүрлеп емдеуге материалдар жинады. Жүргізілген медициналық комиссияның нәтижелері бойынша қала тұрғыны мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Қазіргі уақытта медициналық мекемеге ерікті түрде 45 күн емделуге орналастырылды, - деді Павлодар қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 1279 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер құқық бұзушыларға қатысты 431 қорғау ұйғарымын қойды. Соттар құқықтық тәртіп сақшыларының ұсынуы бойынша мінез-құлыққа 180 ерекше талап қойды.