Павлодар облысында мотоциклдің қатысуымен болатын ЖКО саны артқан
Жалпы 50 км/сағ-тан жоғары жылдамдығы бар мотоциклді басқаратын жүргізушіде тиісті құжаты болуы керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жазда көшелер мен автожолдарда мотоциклдердің саны артып, соның салдарынан жол-көлік көлік апаттарының саны артуда.
Полицейлер, статистикаға сәйкес, мотоцикл жүргізушісіне жеңіл автокөлік жүргізушісіне қарағанда өлім қаупі жиырма есе жоғары төніп тұрады. Көп жағдайда ЖКО жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлігі жоқ адамдардың қатысумен болады.
- Мәселен, 2 маусым күні сағат 13.00-де Ақтоғай ауданы Жолболды ауылынан 15 шақырым жерде 32 жастағы мотоцикл жүргізушісі аударылып қалған. Жол - көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды,- деп хабарлады облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.
Ал 4 маусымда сағат 14.00-де Павлодар қаласының Геринг-Украинская көшелерінің қиылысында Delivery маркалы скутердің 40 жастағы жүргізушісі Volkswagen Golf маркалы автокөлігімен соқтығысты. Жол - көлік оқиғасы салдарынан скутердің жүргізушісі мен оның 1985 жылы туған жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Скутер айып тұрағына қойылды.
Полицейлер ең жоғары конструктивті жылдамдығы 50 км/сағ-тан асатын мотоцикл мемлекеттік тіркеуге жататынын және дәл осындай санаттағы мотоциклді басқаратын адамдардың өздерімен бірге жүргізуші куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлігі болуы тиіс.
Көлікке мінген кезде жүргізуші мен оның жолаушысы арнайы қорғаныс құралдарын киюге міндетті.