Павлодарлық алаяқ ақтөбеліктерді бір жылға жуық алдап келген

Павлодарлық алаяқ ақтөбеліктерді бір жылға жуық алдап келген

Ол ұзақ мерзімге пәтер жалдаймын деп елді алдап, ақша алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

- Күдікті 2022 жылдың маусым айынан бастап Krisha.kz қосымшасында пәтерді ұзақ мерзімге тапсыру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Содан кейін жәбірленушілерден ақшалай қаражат алған. Сенімді азаматтар қолма-қол ақшаны алдын-ала жалған абоненттік нөмірлерге бірлік түрінде аударған, - делінген хабарламада.

Жалпы, шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, павлодарлықтың интернет алаяқтығы бойынша тағы 5 фактіге қатысы бар екендігі анықталды.