Павлодар тас жолында жүк көлігінің тіркемесі жанды (ВИДЕО)

Павлодар тас жолында жүк көлігінің тіркемесі жанды (ВИДЕО)
Фото: Константин Шелков

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 ақпанда Қызылорда - Павлодар автожолының 1289 шақырымында сағат 21.30 шамасында «Volvo» маркалы автомашинаның тіркемесінде тиелген ауданы 30 шаршы метр ағаш паллеттері өртенді. 

– Оқиға салдарынан тіркеме толығымен өртеніп кетті. Жүргізуші мен басқа да жол қозғалысына қатысушылар зардап шеккен жоқ, – деді департаментте. 

Полиция 55 жастағы жүргізушінің Астана қаласынан Өскемен қаласы  бағытында жүк тасымалымен айналысқанын анықтады.