Сыра сатқан: Павлодар облысында жеке кәсіпкер жазаланды

Сыра сатқан: Павлодар облысында жеке кәсіпкер жазаланды
Фото: Константин Шелков

Ол 21 жасқа толмаған балаға ішімдік сатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Железин аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігі жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды. Дүкен иесі 2003 жылы туылған балаға сыра сатуға жол берген. 

Сот отырысында жеке кәсіпкер кінәсін толық мойындап, анық 21 жасқа толмаған тұлғаға алкогольдік өнімін сатуға жол бергенін айтты.  

Кәсіпкерді тұтынушы алкоголь өнімін сатып алу кезінде өзінің рұқсат етілген жасқа толғанын айтып алдаған. Алайда сатушы баланың куәлігін тексермеген.  

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 ай мерзіміне алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясынан айырып, 96 600 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл арқалады.