Павлодарда оқушылар шахматтан сынға түсті
Шахмат үйінде шахматтан қалалар мен аудандар арасында оқушылардың I облыстық кешенді гимназиядасының жарысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік дене шынықтыру оқу-практикалық орталығының мәліметінше, жарысқа төрт қалалық және 12 аудандық команда қатысты. Жалпы қатысушылар саны 80 болды.
Жарыс нәтижелері бойынша бірінші орынды Павлодар қаласы, екінші орынды Екібастұз қаласы, үшінші орынды дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей иеленді.
Аудан арасында бірінші орынды Павлодар ауданы жеңіп алды. Екінші орынды Ақтоғай ауданы еншілесе, үшінші орын Железин ауданына бұйырды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының аймақтық дене шынықтыру оқу-практикалық орталығының дипломдарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.