Павлодарда үздік мектепке дейінгі педагогтер анықталуда
![Павлодарда үздік мектепке дейінгі педагогтер анықталуда](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202312/image_750x_658abb2c38307.jpg)
Сайысқа 16 педагог қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен әдістемелік тәжірибелерін ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімі мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2025» қалалық байқауының «Педагогикалық портфолио» атты I кезеңін өткізді. Байқау педагогикалық инновацияларды ынталандыру, кәсіби имиджді қолдау және педагогтердің тәжірибесін жинақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Жарысқа 16 педагог (тәрбиешілер, логопед, музыка жетекшілері) қатысуға өтініш білдіріп, өздерінің педагогикалық жұмыстары мен әдістемелік жетістіктерін ұсынды. Қазылар алқасы бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары ұпай жинаған 9 педагогті байқаудың келесі кезеңіне өткізді.
II кезең – «Балалармен өткізген қызықты сәт» деп аталып, онда педагогтер бейтаныс топтағы балалармен ашық іс-шаралар өткізіп, өздерінің инновациялық әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Бұл кезеңде педагогтің кәсіби шеберлігі, оқыту мен тәрбиелеудегі жаңашылдығы бағаланады.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при, 1, 2, 3 орын жеңімпаздары, сондай-ақ «Креативті педагог», «Шығармашыл педагог», «Мамандыққа адалдық» аталымдары бойынша үздіктер анықталады.