Павлодарлық музыканттар тұңғыш президент қоры степендиясын алды
Бұл жетістікке жету үшін студенттер түрлі байқау, сайыстарға қатысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауының қорытындысын шығарды. Конкурстық комиссияның шешімімен музыкалық колледжінің студенттері Айым Мэлс – «Қазақ халық аспаптары» бөлімі және Дильназ Жанкүшүкова – «Ішекті аспаптар» бөлімі бойынша жеңімпаз деп танылды.
Бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Осы уақыт ішінде 800-ден астам адам Қордың стипендиаттары атанды. Байқауға қатысу үшін студенттер академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштеріне, студенттер мен оқытушылар арасында беделге ие болуы, оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысуы қажет.
Стипендиаттар өз жетістіктерін екі жыл оқу барысында GPA-дың жоғары баллы бар транскриптерімен, сертификаттарымен, грамоталарымен, дипломдарымен, ғылыми жұмыстарымен және конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеуімен растайды.
2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған елдегі ірі коммерциялық емес қордың қызметі дарынды жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен бастамаларды дамытуға бағытталған. Жыл сайын музыкалық колледждің студенттері Қордың лауреаттары атануда.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында «SILK WAY CREATIVE GAMES» XIV Ұлттық Дельфий ойындарында Дильназ Жанкүшікова алтын медальге қол жеткізді. Сонымен қатар, жас скрипкашы «Павлодар аруы» байқауында вице-ару атағына ие болды.