Павлодарда мемлекеттік қызметкер конкурссыз тағайындалды
Ол төрт тоқсан бойы міндеттемелерін мүлтіксіз орындаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыс бойынша департаментінің мәліметінше, мемлекеттік қызмет саласында функционалдық міндеттерін төрт тоқсан бойы тиімді орындаған мемлекеттік қызметшілерді жоғары тұрған лауазымға конкурссыз тікелей тағайындау тетіктері өз нәтижесін беруде.
Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы 34 жастағы Бейімбет Тілеубек жұмыс атқарып жүрген бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Ол еңбек жолын 2015 жылы Павлодар облысының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арнаулы қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы ретінде бастаған. 2018 жылы «Ардагерлер үйі» қарттар мен мүгедектерді оңалтудың облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында әлеуметтік жұмыс бойынша маман болып жұмыс істеген.
2020 жылы Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне талдау және ақпараттық қамтамасыз ету секторының бас маманы лауазымына жалпы конкурс қорытындысы бойынша өтті.