Павлодарда саябақтарды жаңартады

Павлодарда саябақтарды жаңартады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ойын алаңдарына ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында мәлімдеді.

– Қазір Гагарин саябағындағы балалар алаңында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалалық бақта (Горсад) жөндеу аяқталды. Жақын арада Литвинов скверінде жаңарту жұмыстарын бастаймыз. Ойын алаңдары мен шағын архитектуралық формалардың жағдайына ерекше назар аударылуда. Жауапты қызметкерлерге бұл нысандарды үнемі тексеріп, ақауларды жою тапсырылды, – деп жазды шаһар басшысы әлеуметтік желіде.

Хасар Хабылбековтың айтуынша, саябақтар, скверлер мен басқа да қоғамдық орындар – қаланың маңызды бөлігі. Олар әрдайым қолайлы әрі қауіпсіз болуы үшін ұдайы күтімді қажет етеді. Ол қалалық мүлікке ұқыпты қарауды сұрап, қаланың тазалығы мен жайлылығы әрқайсымызға байланысты екенін атап өтті.