Павлодарда сотталған ана баласының жанында болу үшін босатылды

Павлодарда сотталған ана баласының жанында болу үшін босатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бостандыққа шыққан әйел енді уәкілетті органдардың бақылауында болып, әлеуметтік қолдауға ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 74-бабына енгізілген өзгерістер заңнаманы ізгілендіру және балалардың құқықтарын қорғауды күшейту бағытындағы маңызды қадам болды. 

Осы жаңашылдық аясында №44 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған әйел кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазасын өтеуі кейінге қалдырылып, бостандыққа шығарылды. Бұл шешім – отбасын сақтау және баланың анасымен бірге болуына жағдай жасауға бағытталған жаңа заң нормасының нақты іске асуының айғағы, – деді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, жазаны өтеуді кейінге қалдыру механизмі әлеуметтік шиеленісті төмендетуге, отбасы институтын нығайтуға және балалардың ата-анасынан айырылу қаупінің алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл норма кәмелетке толмағандар сияқты ең әлсіз санаттағы азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған қылмыстық-атқару жүйесінің адамгершілік ұстанымын көрсетеді.

Ведомствода атап өткендей, алдағы уақытта бостандыққа шыққан сотталған әйел уәкілетті органдардың бақылауында болып, қажетті әлеуметтік қолдауға ие болады. Бұл оның қоғамға қауіпсіз бейімделуін және баласының амандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.