Павлодарлық джип көлігінің жүргізушісі автотұрақта итті атып кетті
Іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласының полициясына «Гагарин көшесі, 76 мекенжайындағы автотұрақта джип автокөлігінің жүргізушісі итті атып, тастап кетті» деген шақыру келіп түскен.
- Дереу аталған мекенжайға жедел тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына тексеру жүргізілді. Бақылау камераларындағы бейнелер қаралды және зерттелді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Павел Павлов.
Полиция қазіргі уақытта осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жарақат алған ит зооволонтерлермен бірге ветеринарлық клиникаға жеткізілді.