Павлодарлықтарды су тасқыны мәселесі алаңдатуда

Павлодарлықтарды су тасқыны мәселесі алаңдатуда
Фото: "AMANAT" партиясының Павлодар облыстық филиалы

«AMANAT» партиясы апатты жағдайға дайындық бойынша мониторинг жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Партияның облыстық филиалының мәлімдеуінше, Екінші Павлодар шағын ауданының тұрғыны Айнаш Сүтбаева көктемде судың көтерілуіне алаңдаушылық білдірді. 

Судың көтерілуі жертөлелері бар адамдарда байқалады және су деңгейі белгілі мөлшерден асып кетуі мүмкін. Қардың еруі шағын аудан үшін үлкен мәселе, – деп пайымдады ол.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілекжан Ғалиямов қазіргі кездегі басты міндет – тұрғын үй кварталдары мен жеке сектор көшелерінен қар шығаруды бақылау екенін атап өтті.

Келесі аптада жылыну күтіледі және су тасқынының салдарын азайту үшін барлық қажетті жұмыстарды алдын ала жүргізу маңызды, – дейді ол. 

Ғалиямовтың айтуынша, кейбір сәттерді қоспағанда, жалпы қала бойынша жағдай тұрақты. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Жаңауыл кентінде қар шығарылмаған, бірақ жұмыстар басталып кетті. Екінші Павлодар туралы сұраққа жауап бере отырып, ол жағдай үлкен проблема тудырмайтынын және негізгі проблемалық фактор жер асты суы болып табылатынын атап өтті.