Павлодарлықтарды ресми ағызу тәртібін сақтауға шақырады

Павлодарлықтарды ресми ағызу тәртібін сақтауға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы уақытта компания қызмет көрсететін канализация желілеріне ассенизаторлық машиналармен сарқынды суларды рұқсатсыз ағызу фактілері жиілеген.

– Еске сала кетейік, ресми ағызу нүктесі Жаңаауыл шағын ауданы маңындағы тазарту қондырғыларында орналасқан. Қала шегіндегі канализация құдықтарына сарқынды суларды заңсыз ағызу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады және айыппұл қарастырылған, – делінген хабарламада.

Компания қала тұрғындарын коммуналдық желілерді пайдалану ережелерін қатаң сақтауға шақырады.