Павлодарда шетелдікті елден шығарудан бас тартылды

Павлодарда шетелдікті елден шығарудан бас тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адамның меншігінде ел аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлкі немесе туыстары жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, құқық қорғау органы сотқа шетелдікті Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін елден шығару туралы өтінішпен жүгінген. Сот 24 жастағы Өзбекстан азаматы Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын, сол үшін 2022 жылы үш жылға бас бостандығынан айырылғанын анықтады.

– Ер адамның өтелмеген материалдық шығыны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрған кезеңінде жасаған басқа да құқық бұзушылықтары туралы мәліметтер жоқ, – деп жазылған хабарламада. 

Жас жігіт этникалық қазақ болғандықтан, Қазақстанда 2006 жылдан бері тұрады, кәмелетке толмаған баласы мен анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

ҚР «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, шетелдік Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса, ел аумағынан тыс жерге шығарып жіберілуі мүмкiн.  Алайда, Заңның 22-бабына сәйкес, шетелдiктi елдің шегінен тыс жерге шығарып жіберу республика аумағына келу және тұру құқығын бес жылға шектеу үшiн тiкелей алғышарттар жасайды. Сондай-ақ оның анасымен және кәмелетке толмаған баламен тiкелей және жеке қарым-қатынасына кедергі жасайды.

Сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды ескере отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.