Павлодарда су тарифі 1 тамыздан өзгереді
Жаңа тарифтер бес жылға бекітілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, уәкілетті орган 2026–2030 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифтерін бекітті.
Жеке тұлғалар үшін 1 тамыздан сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифі 97,01 теңге болады.
Кәсіпорынның хабарлауынша, бұл тариф 2025 жылы қолданылған деңгейге қайта оралады.
Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы 31 шілдеге дейін тұрғындар үшін уақытша төмендетілген 86,89 теңге тарифі қолданылып келді.