Екібастұзда қоғамдық өмірге белсене араласудың қадамдары ұсынылды
Достық үйінде «Ашық қоғам» атты meet-up кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Үкіметтік емес ұйым төрағалары, мүшелері, ҚХА өңірлік құрылымдары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ашық қоғам» meet-up кездесуде қоғамдық мәселелер басты назарға алынды. Кездесу барысында қоғамдық ұйымдардың, ҚХА топтарының «қоғамдық институттарды дамыту» бойынша гранттарға қатысу әлуетінің аз екенін, экология, халықтың қоғамдық жұмысқа тарту, патриоттық тәрбие, жастардың қоғамдық жұмысқа қатысу туралы мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында бірнеше қадамдар бойынша бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты: барлық ҚХА топтары, ҮЕҰ басшыларына арналған мессенджерде топ ашу, мессенджерде қоғамдық жұмыстардағы қиындықтармен бөлісу, шешуге көмек көрсету, топ мүшелерінің ұйымдастырған іс-шараларына қонақ, эксперт ретінде шақыруға ықпал ету, мемлекеттік қолдаулар төңірегінде республикалық спикердің қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастыру.
Айта кетейік, азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалана отырып іске асырылатын «ҮЕҰ және ҚР Халық Ассамблеясы: өзара іс-қимылдың пайдалы тәжірибелері» жобасы шеңберінде «ТРИНТА» ЖҚ дайындалды.