Павлодарда су құбырлары жаңартылуда
Қазіргі уақытта мамандар сумен жабдықтау желілерінің тозған бөліктерін ауыстырумен айналысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Атап айтқанда, Олжабай батыр көшесі, 56 мекенжайында ұзындығы 125 метрді құрайтын құбырды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар «Инвестицияға айырбас тариф» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған, – деді «Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, мұндай жобалар қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, жалпы жүйенің сенімділігін арттыруға бағытталған. Жаңартылған желілер алдағы уақытта төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға және су беру деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.