Павлодарлықтар көші-қон заңнамасында қайшылықтар тапты

Павлодарлықтар көші-қон заңнамасында қайшылықтар тапты
Фото: автор

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орталық мемлекеттік органдарға бұл туралы бірнеше рет хабарлаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сәйкессіздіктер туралы басқарма басшысы Альмира Дисюпова айтты. Мәселен, ҚР Әлеуметтік кодексінде қандастар мен қоныс аударушыларды өңірлік квотаға енгізуге қатысты қателік орын алды.

- Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес қоныс аудару бағдарламасына жұмыс іздеушілер/жұмыссыздар, қандастар, сондай-ақ жұмыс берушілер қатысуға құқылы. Сонымен бірге, көшіп келушілерді қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу Ережесіне сәйкес жұмыс орнынан анықтама талап етіледі, бұл кодекске қайшы келеді, - деп атап өтті Альмира Дисюпова.

Альмира Дисюпова сондай-ақ қандастардың қолында жоқ немесе алу қиынға соғатын құжаттар пакетін ұсыну міндеттілігіне назар аударды. Осы себепті аймақтық комиссия жақын арада 20-дан астам адамды квотаға енгізуден бас тартты, тағы 40 қандастар мен қоныс аударушылар қабылданбайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының айтуынша, бұл фактілер өз еркімен қоныс аудару бағдарламасына қатысатын қоныс аударушылар арасында әлеуметтік шиеленіс тудырады.

Бүгінде квотаға 2101 қоныс аударушы енгізілген. 1258 адам қандас мәртебесін алды.