Павлодарда «ТАЗА VIBE» жастар эко-флешмобы өтеді

Павлодарда «ТАЗА VIBE» жастар эко-флешмобы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Ұйымдастырушылар жастарды экологиялық бастамаға үлес қосуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Ауқымды шараны Павлодар облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының қолдауымен жүзеге асырмақ. 

Табиғат жанашырлары 5 маусым күні шаңғы базасы аумағында «ТАЗА VIBE» жастар эко-флешмобы өткізуді қолға алды. Осылайша олар өңірдің белсенді жастарын жарқын экологиялық шараға шақырып отыр.

Бұл күні біздің белсенділер жағалау аумағын экологиялық тазартуға қатысып, қоқысты бөлек жинайтын болады. Бұдан бөлек, қатысушыларды интерактивті эко-ойындар мен командалық эстафеталар, фотобайқау жұмыстарының көрмесі, фото және бейнебайқау жеңімпаздарын марапаттау мен командалық рух, белсенділік және қоршаған ортаға қамқорлық атмосферасы күтеді, - дейді ұйымдастырушылар.

«ТАЗА VIBE» — бұл жай ғана іс-шара емес, қаланың тазалығына өз үлесіңді қосып, азаматтық жауапкершілікті танытып, уақытты пайдалы әрі қызықты өткізудің тамаша мүмкіндігі болмақ.

Экологиялық сенбілікке қатысуға ниеттілер Шаңғы базасы, Усолка 2А мекен-жайына 5 маусым күні сағат 12:00-де жиналатынын еске саламыз.