Павлодарлық тәртіп сақшылары балабақшада қауіпсіздік сабағын өткізді

Павлодарлық тәртіп сақшылары балабақшада қауіпсіздік сабағын өткізді
Фото: pixabay.com

Танымдық кездесу «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Кездесу балалардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Онда патрульдік полиция инспекторы балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын айтып берді. Әсіресе, бағдаршам сигналдарына, жол белгілерінің мәніне және жолдың өту ережелеріне ерекше назар аударылды.

Түсінікті болу үшін балаларға бағдаршамның қалай жұмыс істейтіні көрсетілді, оның әрбір сигналы нені білдіретінін және неге қызыл жарыққа шықпау керектігін түсіндірді. Сондай-ақ, оқушылар жаяу жүргіншілер белгілерімен танысып, көшеден өтуге рұқсат етілген жерлерді білді.

- Жаяу жүргіншілер өткелінің жанында практикалық сабақ балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Біз балаларға «зебра» көрсеттік және жолдың қауіпсіз өту тәртібін егжей - тегжейлі түсіндірдік. Мысалы, жүріс бөлігінің шетіне тоқтап, солға және оңға қарап, көліктің жоқтығына көз жеткізіп, содан кейін ғана жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өту керектігі көрсетілді, -дейді Ақсу қаласының ювеналды полиция тобының инспекторы Лаура Құрманғалиева.  

Балалар әңгімеге белсенді қатысып, полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, ұсынылған тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Іс-шара соңында полицейлер тәрбиеленушілерді әрдайым жол ережелерін сақтауға және көшеде мұқият болуға шақырды.

Тәртіп сақшылары мұндай профилактикалық кездесулер балалардың жол сауаттылығын арттыруға ықпал етіп, жастайынан жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмектесетініне сенімді.