Павлодар облысында жем-шөп бойынша дағдарысқа қарсы шаралар ойлап табылды
Өңір басшылығы ірі шаруашылықтармен келісімге келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.
– Павлодар облысында 27 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылық бар. Иә, заңды мәртебесінің жоқтығынан олар субсидия алмайды. Біз барлық аудандар бойынша ауылдық округтерге дейін жұмыс жүргізіп, меморандумдар арқылы шөп бағасын анықтадық. Шөп бағасының көтерілгенін мен жасырмаймын. Себебі жанар-жағармай, бөлшектер қымбаттады. Бүгінгі таңда шөптің орташа бағасы – тоннасына 30 мың теңге. Облыста қыстан аман өтіп, малды азықпен қамтамасыз ету үшін жем-шөптің жеткілікті көлемі дайындалды, – деді облыс әкімі.
Оның сөзінше, жем-шөп бойынша жағдай тұрақсыз болып қалған кезде, халыққа арзандатылған бағамен жем-шөп астығын сату үшін бес мың тонна көлемінде жем-шөп тұрақтандыру қоры құрылғанын айтты.
– Біз азық қоры бойынша жағдайды бақылап отырмыз. Бірнеше ауыл шаруашылығы құрылымдарында үш жылға жететін шөптің үлкен қоры бар. Облыс әкімдігінің олармен алдын ала уағдаластығы бар. Екі жүз шаруашылықта жем-шөп бойынша осындай бар. Егер әрқайсысында үш жүз тоннаға жуық болса, онда біз облыс ішінде алты-жеті мың тоннаға дейін тұрақтандыру қорын толықтыра аламыз,– деді Асайын Байханов.
Облыс әкімі аймақтың шаруа қожалықтары үшін алаңдауға негіз жоқ екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Асайын Байханов шаруаларды қолдау және құрғақшылықтың салдарын алдын алу үшін қабылданған жеті шара туралы хабарлаған болатын.