Павлодарда трансформаторлардың біріне найзағай түсті

Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
27 сәуір күні сағат 19:58-де 110/10 кВ «Транспортная» қосалқы станциясында өрт шығып, жабдық зақымданды. Технологиялық ақауға қосалқы станцияға найзағайдың түсуі себеп болған деген болжам бар.
Жабдықтардың зақымдануы салдарынан «Центральная» индустриялық аймақтағы 106 тұтынушы кешкі уақытта электр қуатынсыз қалды. Бір тәуліктің ішінде 104 тұтынушы резервтік трансформатордың арқасында электрмен жабдықтауға қайта қосылды.
Өрт сөндіргеннен кейін бірден жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды. «ПРЭК» АҚ қызметкерлері зақымданған трансформаторды бөлшектеп, резервтік трансформаторды орнатуда. Жұмыс тәулік бойы жүргізіледі.