Павлодарда тротуарды автотұраққа айналдырған жүргізуші жазаланды
Жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 28 наурызда Ломов көшесі бойынша сағат 17.00 шамасында «Рено Гранта» маркалы автокөліктің 65 жастағы жүргізушісі тротуарға толық кіре отырып, көлігін қалдырған.
- Осылайша, жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деді департаментте.
Қала полициясы тротуарларда, көгалдарда, гүлзарларда, балалар алаңында немесе спорт алаңында көлікті қоюға болмайтынын және жол қозғалысы ережелерін бұзу болып саналатынын ескертті.
Фото: облыстық ПД