Павлодарлық мас күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жылға куәлігінен айырылды

Павлодарлық мас күйінде көлік жүргізгені үшін жеті жылға куәлігінен айырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп бұзған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Иса Байзақов көшесінде патрульдеу кезінде күдік тудырған Hyundai автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында 52 жастағы жүргізуші әйелден ішімдіктің мүңкіген иісі шыққан.

Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Сот шешімімен әйел 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Ал автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін ескертеді.