Павлодарда тұрақты түрде қан тапсырған донорлар марапатталды

Павлодарда тұрақты түрде қан тапсырған донорлар марапатталды
Фото: Павлодар облыстық қан орталығы

14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.    

Облыстық қан орталығының мәліметінше, биылғы жаһандық науқан «20 жыл бойы өтеусіз қуаныш: қан донорларына алғыс!» ұранымен өтеді. Шара донорлықтың 20 жылдық мерейтойына арналған. 

Қан орталығының директоры Ардақ Кузеков 40 және одан да көп рет ерікті және өтеусіз негізде қан тапсырған донорларды Алғыс хаттармен марапаттады. Сертификаттар мен кәдесыйлар табысталды. Сондай-ақ, қан мен тромбоциттер донорларын Павлодар облысының «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығы ҚБ басшысы Гүлнар Сейітқазинова құттықтап, сертификаттар табыс етті.

Құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы «Қызыл Жарты Ай» қоғамы ҚҚ директоры Гүлнар Исаканова сөз сөйлеп, тұрақты донорларға Алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етті. 

Қан орталығы қан, плазма және тромбоциттер донорларына  қаншама адамның өмірін сақтап қалуға үлес қосқандары үшін алғыс білдірді және жаһандық қан тапсыру қозғалысына қосылуға шақырды.