Павлодар облысында жаңа мешіт ашылды

Павлодар облысында жаңа мешіт ашылды
Фото: Амантай Тойшыбай

Мешітке пайғамбарымыз Ибрахимнің (а.с) аты берілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Қазақстан мемлекеттік діни басқармасы Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданының Шегірен ауылында жаңа мешіт бой көтеріп, халық қызметіне пайдалануға берілді. Бұл – облыс бойынша 108-ші, Шарбақты ауданы бойынша 11-ші мешіт. 

– Мешіттің ашылу рәсіміне облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысып, салтанатты рәсімді өткізді. Мешіттің ашылу рәсімі жоғарғы деңгейде өтті. Ас беру, күрес, спорттық шаралар, бәйге жарысы ұйымдастырылды, – дейді басқармада. 

Мешіттің сыйымдылығы 80-100 адамға арналған, еденге жылыту қондырғысы орнатылып, орталықтан жылу жүйесі қосылған. Заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылып, айналасы толық абаттандырылды, жол жүру жолақтары, көлік тұрағы, қоршау дайындалған. 

Мешіт ауыл тұрғындары, намазхан жамағаттардың, кәсіпкер азаматтардың жәрдемімен бой көтерді. 

Айта кету керек, мешіт имамы қызметіне Абай Ақтарбайұлы тағайындалды.