Павлодар облысында қырыққабат пен банан қымбаттады
Ал күріш, қант пен жұмыртқаның құны арзандады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірде қазанда тұтыну бағаларының индексі 100,4 пайызды құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінде мәлім етті.
– Азық-түлік тауарлары тобында тұз бағасы 4,1, қышқыл сүт өнімдері – 0,7, май және тоң май – 0,6, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері – 0,4 пайызға қымбаттады,– деді департаментте.
Бұл ретте күріш бағасының 2,9, қант – 1,8, жұмыртқа – 1,5, макарон өнімдері – 0,5 пайызға арзандауы байқалды.
– Көкөністер мен жемістерден жемістер арасында ақ қауынды қырыққабат бағасы 13,3, қияр – 9,1, пияз – 2,6, банандар – 1,9, апельсиндер – 1,8 пайызға қымбаттады, сонымен қатар сәбіз – 13,2 , картоп – 1,1 пайызға арзандады,– деді департаментте.
Азық-түлік емес тауарлардың бағасы бойынша дыбыс-бейне шолу жабдығы мен фотоаппаратура, ақпаратты өңдеуге арналған жабдық 8,9, тұрмыстық аспаптар – 2,8, үй тұрмысында қолданылатын тоқыма бұйымдар – 1, киім және аяқкиім – 0,4 пайызға қымбаттады.
Ақылы қызметтер бойынша жолаушылар әуе көлігі қызметтері – 20,9, ал жолаушылар темір жол көлігі қызметтері – 14,3 пайызға қымбаттаған.