Аққулы ауданында 50 тонна шөп өртенді
№18 өрт сөндіру бөлімінің сөндірушілері дереу шақырту орнына аттанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 12 қазан күні сағат 01:55-те Қарақала ауылында шөптің өртенгені туралы хабарлама түскен. 250 шаршы метр алаңда 50 тонна шөп өртенген.
– Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде шаруашылық ауласының аумағында өрт сөндірілді. Басқа ғимараттарға өрттің таралуына жол берілмеді, – деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеті, Қарақала ауылының ерікті өрт сөндірушілер құрылымы және Черное ауылының орман орманшылары да қатысты.