Павлодарда жеке тұрғын үйдің шатыры мен жиһазы өртенді
Үй иесі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қараша күні сағат 17:40-та 14 Годовщина көшесіндегі жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыруға өрт сөндірушілер мен апаттық медицина орталығының бригадасы дереу жіберілді.
– Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің ағаш құрылымдары, шатыры және жиһазы жанып жатқандығы анықталды. Келген есептеулер жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Жедел медициналық көмек бригадасы 1968 жылы туған үй иесіне алғашқы көмек көрсетіп, оны ауруханаға жеткізді. Зардап шегуші күйік алып, жану заттарымен уланғаны анықталды, – деді ведомствода.
Өрт 80 шаршы метр аумақта таралған болатын. Оны сөндіруге ТЖД-нің 18 қызметкері мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт толығымен ауыздықталды.