Ақсулықтарды отбасылық дәстүрлер жайлы бейне түсіруден жарысуға шақырады

Ақсулықтарды отбасылық дәстүрлер жайлы бейне түсіруден жарысуға шақырады
Фото:pixabay.com

Бейненің ұзақтығы 1-ден 3 минутқа дейін созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Біздің отбасылық дәстүрлер» видео байқауын жариялайды. Оған қатысу үшін отбасыңызды ерекше ететін дәстүрлерді, маңызды сәттерді немесе ерекше рәсімдерді көрсететін қысқа бейнеролик жасау керек.

Бейнероликте келесі элементтер болуы мүмкін:

  • Отбасыңыздағы дәстүрдің қандай екенін, қашан және қалай пайда болғанын баяндау қажет;
  • Осы дәстүр отбасыңыз үшін неліктен маңызды екенін және ол отбасылық қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін бөлісу керек;
  • Егер дәстүр мерекелермен байланысты болса, отбасыңыз бұл күнді қалай атап өтетінін, қандай әдет-ғұрыптар сақталатынын, тағамдар дайындалатынын көрсету тиіссіз;
  • Отбасы мүшелеріне сөз беріп, бұл дәстүрдің олар үшін қандай маңызға ие екенін айтып берсін;
  • Бұл дәстүрдің отбасыңызды біріктіретінін көрсететін жылы сәттер мен эмоцияларды түсіріңіз.

Өз бейнеңізді WhatsApp арқылы +7 708 828 2053 нөміріне жіберуге болады.