Павлодарда есірткі сатушы жұмыртқа тәрізді гипстің ішіне есірткі жасырған

Павлодарда есірткі сатушы жұмыртқа тәрізді гипстің ішіне есірткі жасырған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Рolisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, 23 жастағы ер адам «Энтузиаст» бау-бақша серіктестігінің аумағында ұсталды. Жеке тінту кезінде салмағы 23 грамнан асатын құрамында каннабис тектес есірткі бар 19 гипс тас тәркіленді.

Бау-бақша аумағында жалпы салмағы 8,1 грамм есірткі заты бар тағы жеті гипс тастар табылды. Ол есірткі партияларын ашытылған сүт тәрізді жұмыртқа сияқты гипстің кесектеріне жасырған.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.