Қателігін түсінбеген: Ақсуда заңсыз алкоголь сатуды қоймаған тұрғын жазаланды

Қателігін түсінбеген: Ақсуда заңсыз алкоголь сатуды қоймаған тұрғын жазаланды
Фото: Константин Шелков

Ол біріншісінде тыйым салынған уақытта ішімдік сатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылы Ақсу қаласындағы дүкендердің бірінде заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь сатылған. Учаскелік полиция инспекторы алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін бірнеше рет хаттама толтырып, материалдар сотта қаралды. Сот қаулысымен жеке кәсіпкерге жалпы сомасы 193 200 теңге айыппұл салынды. 1 қарашада лицензияның қолданылуы екі ай мерзімге тоқтатылған болатын.

Дегенмен, лицензияның тоқтатылуына қарамастан, қала тұрғыны алкогольді сатуды жалғастырған. Кезекті рейд барысында учаскелік инспектор алкогольді сату фактісін тағы да анықтады. Бұл ретте кәсіпкер заңсыз қызметке жол берген. Себебі алкоголь өнімін сақтау және өткізу құқығына лицензия болмаған.

–  Полиция жеке кәсіпкерден түрлі маркалы 1911 бөтелке алкоголь өнімін тәркіледі. Жеке кәсіпкерге қатысты тиісті рұқсатсыз іс-қимылдарды жүзеге асырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қарау үшін сотқа жіберілді, –  дейді департаментте.

Полицейлер бұл баптың санкциясы шағын кәсіпкерлік субъектісіне  әкімшілік құқық бұзушылық заттары тәркілене отырып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтінін, ал лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу-әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған табысты қосымша тәркілеуге әкеп соқтыратынын еске салды.