Павлодар көшелерінде ер адам ерсі қылықпен айналысқан

Павлодар көшелерінде ер адам ерсі қылықпен айналысқан
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Эксгибиционист жүргіншіні павлодарлық бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кадрда ер адам әйелге жыныстық мүшесін көрсетті. 

Оқиғаға облыстық полиция департаменті жауап қайтарды.

– Ер адамның жеке басы анықталды. Бұл азамат денсаулық сақтау органдарында есепте тұрады. Қазіргі уақытта ол облыстық психоневрологиялық  диспансерге орналастырылды, – деді ведомствода.

Бейнежазба қалалық әлеуметтік парақшалардың бірінде пайда болды.