Павлодарда жеке тұрғын үйден өрт шықты

Павлодарда жеке тұрғын үйден өрт шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 16.22-де 112 пультіне 11/1 Энтузиастар көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жеке үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

– Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері шақырту орнына дереу жетті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде бөлек тұрған үйде 15 шаршы метр алаңда үй заттарының жанып жатқанын анықтады, – дейді департаментте.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 10 адам және екі техника жұмылдырылып, сағат 16:44-те толық сөндірілді.