Павлодарда жол апатында әйел адам көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы Павлодардан Омбыға қарай шығатын трассада орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 13 қыркүйек күні кешкі сағат 10 шамасында 103 диспетчеріне қағып кеткен жаяу жүргінші туралы шақыру түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер өмірге сәйкес келмейтін жарақат алған 33 жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады.
– Соңғы кездері жаяу жүргіншілермен соқтығысу қалыпты жағдай болып кетті, – дейді 103 аймақтық станция басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Мұндай жағдайлардың көпшілігі кешке немесе түнде, көбінесе көрінбейтін қараңғы кезде болады. Сондықтан жүргізушілерден жылдамдық режимін тағы бір рет сақтауды, ал жаяу жүргіншілерден жолда қырағылық танытып, жолдан тек тиісті орындарда өтуді сұрағым келеді.
15 қыркүйекте Павлодар-Екібастұз арасындағы тас жолда жеңіл көлік аударылды. Зардап шеккен екі адамға медициналық көмек қажет болды. Жедел жәрдем желісі бойынша 29 және 60 жастағы әйелдер Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
Сондай-ақ Павлодар қаласында 14 қыркүйекте түн ортасында Естай-Катаев көшелерінің қиылысында тағы бір жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Сынықтар, мидың шайқалуы және жабық ми жарақаты тіркелген 35 жастағы ер адам № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.
Өткен демалыс күндері павлодарлық 103 қызметі 15 жол-көлік оқиғасына шықты.