Павлодар облысында 40-қа жуық мал қырылды

Павлодар облысында 40-қа жуық мал қырылды
Фото: Константин Шелков

Ірі қаралардың қырылуына улану себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шілденің 14 күні Железин ауданы Башмачное ауылында «Асан» шаруа қожалығының 37 ірі қарасы қырылып қалды. Бұл жайлы Железин ауданы ветеринарлық станциясының басшысы Жаслан Асайынов әлеуметтік желіде мәлімдеді.

– Малдың қырылу фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, облыстық зертханаға жіберілген болатын. Алдын ала болжам бойынша малдар уланып қалуы мүмкін, – дейді Жаслан Асайынов.

Шаруа қожалығының бүгінгі таңда 120-ға жуық ірі қарасы қалған. Олардан ешқандай аурулар табылмаған. Малдар аудандық ветеринарлық қызметтің назарында.