Павлодарда өндірістік цех жанды

Павлодарда өндірістік цех жанды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт сөндірушілер 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымда сағат 00:08-де «101» пультіне Космонавтов көшесінде орналасқан «Литейное производство» ЖШС аумағында бір қабатты өндірістік цехтың аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшелері төбенің ағаш құрылыстары, төбе жабындысының жартылай қирағанын анықтады.

–  Ғимараттың 800 шаршы метр алаңы зақымданды. Ғимараттың жалпы алаңы 2412,8 шаршы метр. Өрт кезінде 27 адам өз бетінше және өрт сөндірушілердің көмегімен 15 адам эвакуацияланды,– деді департаментте.

ТЖД күштері мен құралдары № 2 өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. Оқиға орнында жедел штаб құрылған болатын. Өрт 02:49-да оқшауланып, 03:25-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға барлығы ТЖД 46 қызметкері мен 15 техникасы, апаттар медицина орталығы жұмылдырылды.

Фото: облыстық ТЖД ұсынды