Павлодарда қалалық «Жыл мұғалімі-2023» байқауының жеңімпазы анықталды

Павлодарда қалалық «Жыл мұғалімі-2023» байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға қатысуға қалалық мектептерден 29 мұғалім өтініш берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, қатысушылар портфолио, үш бейне сабақ, сыныптан тыс іс-шара, эссе және өздері туралы бейнеролик ұсынды. 

Ұйымдастырушылар қазылар алқасы құрамында Павлодар облысы бойынша педагогикалық шеберлік орталығы филиалының, қалалық білім беру бөлімінің өкілдері жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану дағдыларының бар екендігін атап өтті.

Байқаудың қорытындысы бойынша 12 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені Кенжекөл ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Марат Жұмабеков иеленді.

I орынды № 2 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Қанағат Ерғалиев, II орынды Ш. Шөқин атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Дәуіржан Күлжанов, III орынды Ж.Тәшенев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әйгерім Хамитова иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер ақпан айында байқаудың облыстық кезеңінде бақ сынайды.