Павлодарлықтар шырша үшін шоколад ала алады

Акция 31 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары Усолка шағын ауданын аралап, 45 кесілген шыршаны жинап, Ворушин көшесі, 92 мекенжайына қайта өңдеуге жеткізген.
– Бұл шыршалар табиғатқа пайда әкеледі. Бұтақтары мен қылқандары «Ертіс өзенінің жайылмасы» қорығында мекендейтің аңдарға, ас және төсеніш ретінде пайдаланатын болады, – дейді инспекция мамандары.
Діңгектері «Надежда» паналау үйін жылытуға отын ретінде пайдаланылады.
Шыршаларды қабылдау бекеттері: «Квазар» сауда үйі, Қамзин және Ломов көшелерінің қиылысында (Дөңгелек жөндеу орны), Ворушин көшесі, 92.
Акцияға қатысушыларға бонус ретінде шыршаны тапсырған әр адамға табиғатқа көңіл бөлгені үшін шоколадтар сыйға беріледі.