Павлодар облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды

Павлодар облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райының күрт нашарлауы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының мәліметінше, сағат 22:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты келесі бағыттар бойынша автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді:

  • «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» автожолы, 0-263 шақырым, Атамекен кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейін;
  • «Омбы-Майқапшағай» автожолы, 427-587 шақырым, Кенжекөл кентінен Абай облысының шекарасына дейін.